Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зеленский: «Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады»  

Украина президенті Киевтегі қаңырап бос жатқан Хресчатык көшесінде түсірілген Жеңіс күніне арналған видеоүндеуін жариялады.

Зеленский: «Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады»  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейнежолдауды Офic Президента Telegram-арнасы таратты. «Біз балаларымыз үшін, бостандық үшін күресіп жатырмыз, сондықтан біз жеңеміз. Сегіз миллионнан астам украиндық қаза тапқан Екінші дүниежүзілік соғыста ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады. Ал кейбіреуде оның бірі де қалмайды», – деді Владимир Зеленский.

Украина президенті сонымен қоса ел тарихының ешқандай бөлігін бөтенге беріп қоймайтынын айтты.

«Біз бүгін соғысып жатырмыз және ешкімге жеріміздің бөлігін беріп қоймаймыз. Бүгін біз нацизмді жеңген күнді тойлап жатырмыз және тарихымыздың титымдай бөлігін бөтенге бермейміз. Біз өзге халықтармен бірге антигитлерлік коалицияның құрамында нацизмді жеңген ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз. Және бұл жеңісті ешкімге жекешелеп алуға, иеленіп кетуіне жол бермейміз», – деді Зеленский.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты