USD
USD
USD

Зеленский Украина халқына үндеу жолдады

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеу жолдап, 16 ақпанның мемлекеттік мереке – Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеді. Аталға күні барлық елді мекендердегі үйлер мен ғимараттарда Украинаның мемлекеттік туын көтеру қажет.

Зеленский Украина халқына үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бізді үлкен соғыспен қорқытып жатыр және мұнымен қоса әскери шабуылдың күнін белгіледі. Бұл бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Бірақ біздің бүгінгі мемлекетіміз бұлай күшті болған емес... Бізге ақпанның 16-сы күні шабуыл болатынын айтады. Біз ол күннен Бірлік күнін жасаймыз. Тиісті жарлыққа қол қойылып та қойды. Бұл күні мемлекеттік туымызды іліп, көк-сары лента тағып, бірлігімізді барша әлемге паш етеміз", - деді Зеленский.

Ол биліктің қауіпсіздік жағдайын бақылап отырғанына, ал Украина армиясының басып кіруге табандылықпен тойтарыс беру үшін заманауи қару-жарақ пен моральдық күшке ие екеніне сендірді.

"Біз ешқашан оңай беріліп көрмегенбіз және олай болмайды да... Ия, қазір сіздерге айнала қараңғы болып көрінуі мүмкін. Бірақ ертең біздің бейбіт аспанымызға күн қайтадан нұрын шашады. Украинаны сүйіңіздер! Біз сабырлымыз. Біз мықтымыз. Біз біргеміз. Ұлы мемлекеттің ұлы халқы", - деді украин президенті.

Зеленский сондай-ақ жақында Украинадан кеткен олигархтар мен бизнесмендерден қайта оралуын сұрады.

"Мен осындай маңызды сәтте Украинаны тастап кеткендерге мынаны айтқым келеді. Сіздердің күштеріңіз ақшаларыңыз бен ұшақтарыңызда емес. Ол сіз көрсете алатын азаматтық ұстанымда. Солардың арқасында өз зауыттарыңыз бен байлықтарыңызға ие болған халыққа, елге оралыңыздар. Бүгінгі күні әрбір Украина азаматы үшін сынақ түсіп тұр. Ол сынақтан абыроймен өтіңіз. Украинаның кім үшін нағыз отан екенін, ал кім үшін тек ақша алаңы болатынын барлығы түсінсін", - деп шақырды президент.

Зеленский Украинаға қарсы бірнеше майданда соғыс болып жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, "дипломатиялық майданда" Ресей Украинаны ЕО мен НАТО-дағы болашағынан айыруды, ал "ақпараттық" майданда украин армиясының қарсы тұру қабілетіне күмән келтіріп, оны жеңілуге мәжбүр етуді мақсат тұтқан.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.