USD
USD
USD

Зеленский Украина армиясы Ресей аумағын басып алуға ұмтылмайтынын айтты

  Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің қарулы күштері жүргізіп жатқан әскери операциялар Ресей аумағына таралмайтынын мәлімдеді.

Зеленский Украина армиясы Ресей аумағын басып алуға ұмтылмайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол сейсенбі күні Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында оқиғалардың қалай өрбитіні туралы өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Украина Қарулы күштері Ресей Федерациясының аумағында әскери операциялар жүргізіп жатқан жоқ. Олар өз аумағын қорғау үстінде, Ресей жерін басып алуға ұмтылмайды», - деді Зеленский. Ал ТАСС ақпарат агенттігі Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағы Украина тарапынан бірнеше рет миномет пен артиллериялық шабуылға ұшырағанын жазды. Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі ұшқышсыз басқарылатын бірнеше ұшақты анықтаған.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян