USD
USD
USD

Зеленский Ресеймен жасалуы мүмкін болатын бейбіт келісімді сипаттады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты. 

Зеленский Ресеймен жасалуы мүмкін болатын бейбіт келісімді сипаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл Украинаның қауіпсіздік кепілдігі мен Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екенін жеткізді.

«Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек», – деп келтіреді Strana.ua порталы Зеленскийдің сөзін.

Зеленский Ресейдің осы мәселелердің барлығы қамтылған бір құжатта болғанын қалайтынын айтты.

«Алайда қазір Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру бір мәселе болса, Ресеймен келісімге келу бөлек мәсле», – деді Зеленский. Ол сондай-ақ Мариупольдегі украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.

Ресейлік және украиналық делегациялар келіссөздердің бірнеше кезеңін өткізіп, соңғы бетпе-бет кездесу 29 наурызда Ыстамбұлда өткен болатын. Онда Киев Мәскеуге жағдайды реттеу бойынша жазбаша ұсыныстар берді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян