USD
USD
USD

Зеленский: Ресеймен арадағы келіссөз ауыр өтуде

Украина президенті Зеленский Ресеймен арадағы келіссөз ауыр жүріп жатқанын айтты. 

Зеленский: Ресеймен арадағы келіссөз ауыр өтуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресеймен арада соғысты тоқтату туралы бейбіт келіссөздер ауыр жүріп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский халыққа жасаған кезекті үндеуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, мәмілегерлер бір-бірімен үнемі байланыста. Алға жылжу болғанымен қарама-қайшылық көп, келісімнің ауылы әлі алыс, дейді Зеленский.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Ресеймен соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келу үшін біз түрлі деңгейде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Украина өкілдері күн сайын өтіп жатқан келіссөздерге қатысып жатыр. Бірақ екі жақты диалог кей кездері тығырыққа тіреліп, ауыр жүріп жатыр. Дегенмен, біз ақырындап алға қадам жасап келеміз.   

 Украина басшысы Мариупольдегі жағдайды да сөз етіп, қазір қоршауда қалған шаһарда 100 мың бейбіт тұрғын адам айтқысыз жағдайда өмір сүріп жатқанын жеткізді. "Ресей күштері атқылауды жалғастырып, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп отыр. Ал адамдар азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмексіз өмір сүруге мәжбүр», - дейді Украина басшысы.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян