Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зеленский: Ресей Украинаға қарсы соғыста енді жеңе алмайды

 Владимир Зеленский осы аптадағы кезекті жолдауында осылай мәлімдеді. 

Зеленский: Ресей Украинаға қарсы соғыста енді жеңе алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол украин халқы өз жерінде ресейлік сарбаздардың тайраңдап жүргеніне еш төзе алмайды деді. Зеленский шиеленістің әрбір күні жеңістен кейінгі бейбіт өмірдің бір жылына татитынын жеткізді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Мейлі Ресей бүкіл еркін әлемге қарсы тұрып, өз елін дамытуға жұмсалуы тиіс бүкіл ресурсын халқының аузынан жырып, соғысқа, көрші елдегі адамдардың өмірін жоюға шығындасын. Бірақ тарихтың тәлімі басқаша. Қанша жерден мыңжылдық Рейх құрамын деп талпынсаң да, түбінде бәрібір құрисың. Ескі империяны жаңғыртамын деп қанша жерден тыраштансаң да, өзің құрдымға кетесің. Украиналықтарға қарсы тұрам десең, бәрібір жеңіліс табасың. Қаһарман қарсылығымыздың үшінші айына аяқ бастық.

Ал Ресей жағы «Киев келіссөздерге шынайы кірісіп отырған жоқ» – дейді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жергілікті мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

– Қазір Көңілділер мен тапқырлар ойыны жүріп жатыр. Украина келіссөздер жүргізген болады, бірақ Киевтің келісімге келуге шын ниеті жоқ. Украина демократияның алдамшы көрінісін ғана көрсетіп қояды. Әрине әскери күш қолданылатын кез келген жағдай бітіммен аяқталады, бірақ бұл келісімнің негізгі өлшемдері әскери іс-қимылдардың деңгейімен анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев