USD
USD
USD

Зеленский: Ресей соғыста енді жеңе алмайды

Владимир Зеленский кезекті түнгі жолдауында осылай деп мәлімдеді.

Зеленский: Ресей соғыста енді жеңе алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол украин халқы өз жерінде ресейлік сарбаздардың талтаңдап жүргеніне еш төзе алмайды деді. Зеленский соғыстың – әрбір  күні жеңістен кейінгі бейбіт өмірдің бір жылына татитынын жеткізді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Мейлі Ресей бүкіл еркін әлемге қарсы тұрып, өз елін дамытуға жұмсалуға тиіс бүкіл ресурсын халқының аузынан жырып, соғысқа, көрші елдегі адамдардың өмірін жоюға шығындасын. Бірақ тарихтың тәлімі басқаша. Қанша жерден мыңжылдық Рейх құрамын деп талпынсаң да, түбінде бәрібір құрисың. Ескі империяны жаңғыртамын деп қанша жерден тыраштансаң да, өзің құрдымға кетесің. Украиналықтарға қарсы тұрам десең, бәрібір жеңіліс табасың. Қаһарман қарсылығымыздың үшінші айына аяқ бастық.

 «Украиндағы қақтығыс келісімге келумен аяқталады, бірақ бейбіт мәміленің мазмұны бәрібір әскери жағдайға байланысты». Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі жергілікті мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді. Ол «Киев келіссөздерге шынайы кірісіп отырған жоқ» деп айыптады.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

– БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты бес мүшесі ядролық соғысқа жол бермеу туралы мәлімдемеге қол қойған. Сондықтан бұл біздің де принципті позициямыз. Қазір Көңілділер мен тапқырлар ойыны жүріп жатыр. Украина келіссөздер жүргізген болады, бірақ Киевтің келісімге келуге шын ниеті жоқ. Украина демократияның алдамшы көрінісін ғана көрсетіп қояды. Әрине әскери күш қолданылатын кез келген жағдай бітіммен аяқталады, бірақ бұл келісімнің негізгі өлшемдері әскери іс-қимылдардың деңгейімен анықталады.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер