USD
USD
USD

Зеленский Путинді тікелей келіссөзге шақырды

 Владимир Зеленский онлайн-конференция өткізіп, «Егер Украина Ресейдің соққысына төтеп бере алмаса, онда келесі кезекте Балтық елдері тұр» деп ескертті.

Зеленский Путинді тікелей келіссөзге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Батыс елдерінен ресми Киевке әскери көмек беруді күшейтуді сұрады. Сондай-ақ Зеленский Путинді тікелей келіссөздер жүргізуге шақырды. Украина президенті «Бұл – соғысты тоқтатудың бірден бір жолы», – деді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біз Ресейге шабуылдап жатқан жоқпыз, ондай ойымыз жоқ. Кремль қауіпсіздікке қатысты қандай кепілдік бере алады? Біз қазір НАТО-дамыз ба? Жоқ. Ядролық қаруымыз бар ма? Жоқ. Владимир Путин, бізден не керек саған? Жерімізден кет. Қазір кеткің келмесе, онда менімен бірге келіссөздер үстеліне отыр. Оған ашықпын. Бірақ Макронмен, Шольцпен кездескендей, 30 метр айдалада отырып жүрме. Мен сенің көршіңмін. Тістеп алмаймын. Сөйлесейік. Несіне қорқасың? 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян