USD
USD
USD

Зеленский МАГАТЭ басшысымен кездесті

  Украина президенті Владимир Зеленский Атом қуаты халықаралық агенттігінің бас директоры Рафаэль Мариано Гроссимен жүздесті.

Зеленский МАГАТЭ басшысымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар аймақтағы ядролық қауіп мәселесін көтеріп, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясындағы жағдайды да кеңінен талқылады. Владимир Зеленский Ресей тарапынан төнген қауіп Украинаға ғана емес, әлем елдеріне де үлкен қатер төндіріп тұрғанын ескертті. Сонымен қатар Мәскеуді атом энергетикасын қаруға айналдыруына, әрі ядролық қарумен сес көрсетуге құқығы жоқ екенін айтты. Өз кезегінде МАГАТЭ басшысы екі жақты ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта Украинаға көмек көрсетіледі деп уәде етті. 

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ басшысы:

– Чернобыльды қалпына келтіру бойынша арнайы жұмыстар атқарылатынына келістік. Соңғы бірнеше аптада қираған инфрақұрылым қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар өзге өңірлерде де атқарылатын болады. Қираған аймақтарды өз көзіммен көріп шықтым, жақын арада МАГАТЭ ұйымына тиісті есеп беріледі. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян