USD
USD
USD

Зеленский: Қолға түскен сарбаздар Ресейге қайтудан бас тартуда

 Украина қарулы күштерінің қолына түскен Ресей сарбаздары елге қайтудан бас тартып жатыр.

Зеленский: Қолға түскен сарбаздар Ресейге қайтудан бас тартуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оларды Кремль де кері қайтарғысы жоқ. Кезекті жолдауында президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ақ үй басшысы Джо Байденге көмек көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді. Зеленский нақты қандай жәрдем екенін әзірге ашып айта алмайтынын жеткізді. Украина президенті Ресей әскеріне жалданатын жауынгерлерге қысқа ғұмыр үшін төленген ақшадан ұзақ өмірдің абзал екенін ескертті.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Ресей әскері оларды 24 ақпаннан кейін не күтіп тұрғанын, қарсылыққа тап болатынын білмей қалды. Міне 22 күннен бері біз оларға тойтарыс беріп келеміз. Бізде Ресей әскері басқа елдерден жауынгер жалдап жатқанын жақсы білеміз. Украина жерін жаулауға келетін адамдарға бұл олардың өміріндегі ең жаман шешім екенін ескертемін.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян