Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зеленский: Алауыздық қашанға дейін жалғасады?

Зеленский Ресейге қарсы санкция жариялауда алауыздыққа жол берілді деп есептейді.

Зеленский: Алауыздық қашанға дейін жалғасады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдауда Еуроодақ өз ішінде алауыздыққа жол беріп отыр». Украина президенті Владимир Зеленский дәстүрлі жолдауында осылай шағымданды. Айта кетейік, Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго салатын санкциялардың алтыншы пакетін әлі енгізе алмай отыр. Басты кедергі – Венгрияның вето қоюы. Ал осы елдің Премьер-министрі Гергей Гуляш Ресей мұнайынан бас тарту үшін 4 жыл керек екенін мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Алтыншы пакетті келістіру үшін Еуроодаққа тағы қанша апта керек? Ресей энергия ресурстарын Еуропаға жеткізу арқылы күніне 1 миллиард еуро пайда тауып отыр. Ресейдің банк жүйесі де әлі бұғатталған жоқ. Бұл басқыншыға соғыс жүргізуге ғана емес, әлемде дағдарыс және алауыздық тудыруға қаржылай мүмкіндік беріп отыр. Ресейге қысым жасау қаншама адамның өмірін аман алып қалар еді.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи