Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Зеленскидің үлкен сұхбаты»

Украина президенті Владимир Зеленскидің небәрі 1 минутқа созылған сұхбатын «Россия 24» арнасы өздерінің YouTube арнасында жариялады. Аталмыш сұхбат «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасында көрсетілген.

«Зеленскидің үлкен сұхбаты»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кадрде Зеленский ресейлік журналистің сұрағына «Бәрі бірден шешіле салмайды ғой», «бұл жерде көптеген түрлі көзқарас бар», «бастысы, біз әңгімелесе бастадық» деген сөздерді айтады. Және Украина президентінің осы сөздеріне Ресей тарабы айырықша екпін бергісі келетіні анық байқалады.

«Норманд төрттігі» кезіндегі кездесу барысында ресми келіссөздердің арасында Зеленскидің бірауыз айтқан пікірін ресейлік БАҚ «Владимир Зеленскидің алғашқы үлкен сүхбаты» деген кекесінмен беріп отыр. Украина президенті болса, өз кезегінде «ешкімге ешқандай сұхбат бермегенін» айтуда.

«Норманд төрттігі» саммиті 9 желтоқсан күні Парижде өтті. Осы кездесуде қырғиқабақ саясат ұстанған Ресей мен Украина президенттері тұңғыш рет толыққанды келіссөз басында жүзбе-жүз кездесті.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov