USD
USD
USD

Зейнеткерлер жаңа технологияны меңгеріп жүр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылында зейнеткерлерге арналған тегін компьютерлік курс жұмыс істейді.

Зейнеткерлер жаңа технологияны меңгеріп жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бескөл ауылында тамыз айында ашылған компьютерлік курстан осы күнге дейін бес адам өтіп, сертификат алып шыққан. Олардың арасындағы ең жасы үлкені – 75 жаста. Қарттар компьютерді, смартфонды қосудан бастап, күнделікті қажетті бағдарламалармен жұмыс істеуге дейін үйренді.

«Телефоным бар. Бірақ ішіндегілерімен жұмыс істеуді білмедім. Қазір фотоға түсіріп, оны басқаларға жіберуді үйрендім. Ойын ойнамасақ та, интернетті меңгергіміз келеді. Қыздар ақырындап үйретіп жатыр», - дейді 62 жастағы ауыл тұрғыны Теңдік Осипова.

Қазір компьютерлік курсқа 10 адам кезекпен келіп жүр. Олар оқытушыларының айтқанын мұқият тыңдап, ұмытып қалмас үшін маңыздыларын дәптерлеріне жазып алады. Оқу бағдарламасы екі аптаға шақталған.

«Ата-әжелер аптасына бір рет келіп, екі сағат жаңа машықтарды меңгереді. Біз оларға әлеуметтік желіде және электронды поштамен жұмыс істеуді, құжат ашып, теруді, ал, смартфонмен фотоға түсіруден бастап, түрлі бағдарламаларды жүктеуге үйретеміз. Зейнеткерлердің қызығушылығы жоғары. Курс 4 сағатқа ғана шақталса да, олар сертификат алуға асығар емес. Сабақ аяқталғанмен, әлі күнге дейін келіп жүргендері бар», - дейді компьютерлік курсты ұйымдастырушылардың бірі - Вероника Зюкина.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті