USD
USD
USD

Зейнеткерлер тау туризміне бет бұруда

Оңтүстік астанамыз Алматы – Алатаудың баурайында. Демек, тау туризмі, тау спортымен айналысуға қолайлы. Содан болса керек соңғы жылдары Алматы тауларына жиі баратын жас та, жасамыс та аз емес. 

Зейнеткерлер тау туризміне бет бұруда
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Жуырда «Туранга-групп» компаниясының ұйымдастыруымен «Бодрячок» әуесқойлар клубы Іле-Алатау Ұлттық саябағына барды. «Бодрячок» әуесқойлар клубының негізгі мүшелері зейнеткерлер. Олар тау баурайында, таза ауада бас қосып жиі демалатындарын айтты. 

«Туранга-групп» ұйымдастырған демалыс ескі жапон жолынан басталды. Зейнеткерлер назарын жаңа көпір аударды.


Ескі көпір жарамсыз болып қалғаннан кейін, «Туранго» компаниясы оны жөндеп, жаңасын орнатқан. Саяхаттаушылардың айтуына қарағанда, бұрынғы көпір тым ескіріп кеткен, өзенге жақын әрі қауіптірек болған. 


Жапон жолына шыққан зейнеткерлер Жас қайың соқпағымен Аю Сай сарқырамасына дейін барды. Жол бойында буынға арналған жаттығулар жасап, скандинавиялық жүрістен шеберліктерін шыңдады. 


«Маған табиғат аясында серуендеген ұнайды. Бір жағы тынығасың, бір жағы денсаулыққа пайдалы. Бізге осындай керемет демалыс сыйлаған «Туранга-групп» компаниясының басшысына, ұжымына алғыс білдіремін», – дейді Светлана Ем. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.