Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зейнеткердің ұрлығы жаға ұстатты

Өскемен қаласында зейнеткер трансформатор будкасынан 1 млн 200 мың теңгелік жабдықтарды ұрлап кеткен. 

Зейнеткердің ұрлығы жаға ұстатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 42 жастағы ер адам белгісіз біреулердің Өскемендегі мемлекеттік мекемелердің бірінің балансында тұрған трансформатор будкасынан 7 радиатор мен цистернаны ұрлап кеткенін жеткізді. 

Материалдық шығын мөлшері – 1 200 000 теңгеден асқан. 

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Ұлан ауданының 69 жастағы тұрғынын ұстады. Зейнеткер өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс