USD
USD
USD

Зейнеткерді соққыға жыққан жігіт ұсталды

Әлеуметтік желіде егде жастағы әйелді соққыға жыққан ер адам туралы видео тараған болатын. Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін мәлім етті.

Зейнеткерді соққыға жыққан жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері арнайы шаралар жүргізу барысында күдіктінің тұлғасын анықтап, оны полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты арнайы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның әрекетіне тиісті баға беріліп, заңды процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады Алатау ауданының прокуратурасынан.

Ведомство мәліметінше, 74 жастағы әйелді өзінің 50 жастағы ұлы ұрған.

«Алатау ауданының полиция басқармасы 1972 жылы туған С.А.В.-ға қатысты өзінің 1948 жылы туған С.Н.И. анасына аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, қасақана денсаулығына орташа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмысты тергеу барысы прокурордың жеке бақылауында», – деді прокуратурадан.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити