Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зейнеткерді көлік қағып кетті

Ақтөбеде айналма жолда жол апаты болды. 

Зейнеткерді көлік қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаяу жүргіншіні көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. «Hyundai H1» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Сүт зауыты ауданындағы айналма жолымен жүрген 63 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жаяу жүргіншінің де, жүргізушінің де мәдениеті төмен. Жүргізуші жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шықса, кейбірі ұялы телефон арқылы сөйлеседі.Ал жүргінші жолды тыйым салынған жерде кесіп өтеді және өту кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Жол-көлік оқиғасына жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Ақтөбе облысының Полиция департаменті әрбір жол қозғалысына қатысушыларға жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға үндейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда

Құрылтай сайлауы

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депутаттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы