USD
USD
USD

Зейнеткерді алдап, ақшасын алып кеткен ер адам ұсталды

Астаналық полицейлер зейнеткердің ақшасын алаяқтықпен алған азаматты құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткерді алдап, ақшасын алып кеткен ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 82 жастағы зейнеткер полицияға арызданып, белгісіз біреу одан алаяқтық жолмен 1 миллион теңге көлемінде ақшасын алып кеткенін хабарлаған. Қарттың айтуынша, түскі уақытта оның үй телефонына бейтаныс ер адам қоңырау шалып, өзін тергеушімін деп таныстырып, адамдар қаза болған апатқа немересі кінәлі екенін айтып, мәселені шешу үшін қомақты ақша керектігін жеткізген. Біраз уақыттан кейін домофонға бейтаныс жігіт қоңырау шалған.

Оған жәбірленуші қолындағы қомақты ақшасы салынған конвертті ұстата салған. Абырой болғанда, әже немересіне телефон соғуды ойлап, әңгіме барысында оның бәрі жақсы екенін білген, содан кейін алданған астаналық қарт кісі полицияға көмек сұрап жүгінген.

Кешенді іс-шаралар мен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 19 жастағы жас жігітті анықтаған. Сондай-ақ күдікті курьерлік қызмет үшін жалпы соманың 10% алуға құқығы болғанын да жасырмаған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.