USD
USD
USD

Зейнеткер қала ортасынан мина тауып алды

Петропавлда ер адам гараждар маңынан мина тауып алды.

Зейнеткер қала ортасынан мина тауып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны минаға ұқсас тот басқан күмәнді металды өткен сенбі күні кешке таман Жамбыл көшесіндегі гараждар маңынан тауып алды.

Жарылғыш зат сол жердегі ағаштың түбінде жатқан. Зейнеткер бұл туралы бірден жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне барып хабарлаған. Оқиға орнына табылған затты тексеру үшін СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мен шұғыл қызметтер жетті. Олар келгенге дейін төңірек қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары жасалды. Мамандар сыртына қарап, табылған заттың қатты коррозияға ұшыраған танкіге қарсы мина болуы мүмкін екенін топшылаған.

Тиянақты тексеру мен зерттеуден соң болжам расталып, жарғыштехник-мамандар оны жою үшін арнайы көлікке салып алып кетті. Кейін полиция қызметкерлері 6637 әскери бөлімінің полигонында жарылғыш затты жойды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов