USD
USD
USD

Зейнетке шығу жасы төмендей ме?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейетке шығу жасын төмендетуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі кезде зейнетке шығу жасын азайтуды қайта қарастыру мәселесі талқыланып отырған жоқ. Бүгінде зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланған. Еңбек қызметі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы мен кепілдендірілген базалық зейнетақы, сондай-ақ жинақтық құрамдауыш бар», - деп тоқталды министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол жинақты зейнетақы жүйесі жоғары бысымдыққа шығып отырғанын, бұл бағыт бәрінен бұрын жинақ жүйесіне қатысу ұзақтығы мен жинақ сомасына байланысты екенін айтты. «Осы жағдайда халықтың табысын, лайықты жинақты арттыру мақсаты тұр. Мұнымен қоса, жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру мен қордағы біздің азаматтардың зейнетақы активтерінің кірісін арттыруға екпін қойылып отыр», - деді Б. Нұрымбетов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.