USD
USD
USD

Зейнетақыны шешіп алғандар 10 пайыз салық төлейді

Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шешіп алған зейнетақы сомасына 10% мөлшерінде салық төлейтін болады.

Зейнетақыны шешіп алғандар 10 пайыз салық төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағынан салық төлеушіге беретін төлемдеріне жеке табыс салығы салынады (Салық кодексінің 326-бабы).

«Бұл ретте, жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы.

Бұл – 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады», – деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық