USD
USD
USD

Зейнетақы жинағына ипотекасыз пәтер алу жолы қандай?

Зейнетақы жинағын пайдалана отырып ипотекасыз пәтер алсаңыз қосымша құжат талап етіледі. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зейнетақы жинағына ипотекасыз пәтер алу жолы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Егер баспананы Бірыңғай зейнетақы жинағы қаражатын қолданып + өзіңіздің жеке қолма-қол қаражатыңызды қолданып сатып аған болсаңыз enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында растау құжаттарын (ПДФ-форматында) жүктеу кезінде сатушы пәтер құнының бір бөлігін қолма-қол ақшамен алғаны туралы ҚОЛХАТ бірге жүктелуі қажет», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, банк зейнетақы қаражатын мақсатты пайдаланушыларға мынадай кеңестер береді:

• Егер жеке қаражат бөлігі қолма-қол ақшасыз, яғни банктік шотына аударылған болса, онда растаушы құжат ретінде аударылым туралы түбіртек жүктелуі тиіс.

• Егер сатып алу – сату шарты нотариуста рәсімделіп, пәтер құнының бір бөлігі нотариустың көзінше беріліп және бұл туралы сатып алу – сату шартында нотариус жазған болса қосымша қолхат пен түбіртектің қажеті жоқ.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес