Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зейнетақы жинағын алуға 142 мыңнан астам өтініш түскен

Қазақстанда зейнетақы жинағын алуға өтініш берген азаматтардың саны 142 мыңнан асты.

Зейнетақы жинағын алуға 142 мыңнан астам өтініш түскен
Фото: NEGE.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сенсек, 18 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін жасауға 142 951 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде 1 213 өтініш жұмысқа қабылданса, 45 136 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.

Жалпы сомасы 520 млрд теңгеге 96 602 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шотына есептелді.

Төлемдердің орташа сомасы - шамамен 5,4 млн теңге.

Өтінімдердің қабылданбау себептері:

1. Сома дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинағының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сома дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшы алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинағының бүкіл сомасын көрсетті.

4. Өтінімде өзекті емес сома көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинағы сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоты және тиісінше зейнетақы жинағы жоқ тұлғалардан да өтінім түскен.

6. Салымшылар бір өтінімді қайтадан берген.

 

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс