Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зейнетақы жинағын алған азаматтардың 99,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартпақ

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтардың 99,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниетті.

Зейнетақы жинағын алған азаматтардың 99,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартпақ
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Биылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд теңге сомасына 138,9 мың болды. Азаматтар алған жинақтарының 99,7 пайызын тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттауға ниеттеніп отыр», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, 402 азаматтың 936,3 млн теңге сомасына зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді. «Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың барлық көлемінің 62,5 пайызы тиесілі», - деді ҰБ төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі