USD
USD
USD

Зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге 111 млрд теңге бөлінеді

Зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының алдында мәлімдеді.

Зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге 111 млрд теңге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 4 трлн. теңге қарастырылған. Ол былтырғымен салыстырғанда 230 млрд. теңгеге артық. Кеше ғана республикалық бюджеттік комиссия Үкіметпен бірге өте маңызды шешім қабылдады. Инфляция дәлізінің 8-10% деңгейінде өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4 пайыз индекстеу көзделіп отыр. Соның жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдер 2021 жылмен салыстырғанда 9 пайыз, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайыз артады», – деді Ералы Тоғжанов.

Айтуынша, аталған әлеуметтік төлемдер Қазақстан бойынша 4,2 млн. адамды қамтиды.

«Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет аясында қосымша 111 млрд. теңге қарастырылды», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент