USD
USD
USD

Зейнетақы қорындағы ақшасын алуға қанша адам өтініш берді?

10 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін алуға 104 076 өтініш келіп түсті.

Зейнетақы қорындағы ақшасын алуға қанша адам өтініш берді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде 6 824 өтініш жұмысқа қабылданса, 32 870 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.

Жалпы сомасы 349,6 млрд теңгеге 64 382 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шотына есептелді.

Төлемдердің орташа сомасы - шамамен 5,7 млн теңге. Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.

4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова