USD
USD
USD

Зейнетақы қорындағы ақшаға баспана мен білім алуға бола ма?

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Зейнетақыны баспана мен білім алуға жұмсауға бола ма?» деген сауалға жауап берді.

Зейнетақы қорындағы ақшаға баспана мен білім алуға бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл мәселе экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында қарастырылды. Қазір Ұлттық банкпен бірге толықтырып, өткен аптада Президентке ұсыныспен шықтық. Зейнетақыны пайдалану жиналған сомаға байланысты. Зейнетақы қорын баспана алуға жұмсауға болады. Сосынғы кезекте өмір сүрудің орташа ұзақтығын қарау керек. Бүгінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 73 жас 4 ай. Біз зейнетке шыққаннан кейін адамның қанша жас өмір сүретінін есептедік. Біздің есебіміз бойынша, 19-21 жыл өмір сүре алады. Енді біз сол адамның осы уақыт ішінде жақсы өмір сүруі үшін қанша ақша керегін есептеуіміз керек. Егер оның зейнетақы қорының есепшотында ақша жеткілікті болып, бірақ баспанасы жоқ болса, үй алуға береміз. Бірақ оның өз нормасы бар. Яғни, ертеңгі күні мәселе туындамас үшін 40 пайыз сома қорда қалуы керек. Көпшілік жұрт бұл реформаны түсінбей жатыр. Зейнетақы есепшотындағы қаражаттың бәрін бір демде бір-ақ шешіп алуға болады деп ойлайды. Ал егер 10 миллион салымшының жартысында ғана 1 миллион теңге ғана бар болса, қайтпек керек? Жұрттың бәрі зейнетақы қорына жарнаны өз уақытында бөлмейді. Жұмыс беруші ай сайын жалақының 10 пайызын зейнетақы қорына аударуы тиіс. Кейбір жұмыс берушілер алдайды, енді бірі әлі күнге дейін қолма-қол төлейді. Өкінішке қарай, осы тұрғыдан алғанда қазақстандықтардың сауаты төмен. 10 миллион саалымшылар негізінен жалдамалы жұмысшылар мен бизнес өкілдері. Сондықтан бұл реформаның мақсаты – қарттық кезеңде бейқам өмір сүру үшін, ашық жұмыс істеп, табысын жасырмау. Сол арқылы жинақталған ақша қорын баспана алуға жұмсауына мүмкіндік мол. Ең бастысы, бұл мүмкіндік бізде ғана емес, баламыз бен немеремізде де болады», – деді Б.Сапарбаев. 

Оның айтуынша, елімізде жинақтау жүйесі 1998 жылдан бері жұмыс істейді. «Міне, 21 жыл болды. Бұл көп уақыт емес. Еуропа елдері, атап айтқанда Сингапур мемлекетінде бұл жүйе 50-60 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Әрине, бұл елдерде кіріс деңгейінің жоғары екенін ескеру керек. Яғни, бұл елдерде ақша көп болғандықтан баспана, білім алуға және медициналық көмекке жұмсайтыны белгілі», – деді Премьер-министрдің орынбасары.   

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару