USD
USD
USD

Зейнетақы аударымдарын қысқарту төлемге әсер етуі мүмкін

Зейнетақы аударымдарын қысқарту зейнетақы төлеміне әсер етуі мүмкін, деп мәлімдеді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ.

Зейнетақы аударымдарын қысқарту  төлемге әсер етуі мүмкін
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Салымшылардың зейнетақы жинақтары ынтымақты болып табылмайды, ол әр салымшының жеке жинағы. Зейнетақы жарнасы аударымдарының қысқаруы әр салымшының жеке жинақтарына және БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерінің келесі сомасына әсер етуі мүмкін»,- делінген дүйсенбідегі «ҚазТАГ» ХАА сауалына қордың берген жауабында.
Сондықтан кірісі төмендеген жағдайда БЖЗҚ түскен кіріс сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра беруді ұсынады, ал кірісі жойылған жағдайда жағдай қалпына келгеннен кейін жарнаны аударуды жалғастыру керек.
«Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын ЖК, жеке тұлғалар, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар және басқалары міндетті зейнетақы жарналарын өз беттерінше аударады, және кірісі болмаған жағдайда заң бойынша, аударым төлемін төменгі жалақының 10%-нан төмен көлемінде аударуға құқылы, бірақ міндетті емес», - делінген БЖЗҚ жауабында.
Бұған дейін хабарланғандай, ЖК, жеке жұмыс жасайтындардың, жеке тұлғалардың, АҚС шарты бойынша жұмыс жасайтындардың наурыз-сәуір айларындағы зейнетақы жарналары 40% және одан да жоғары қысқарған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза