USD
USD
USD

Зейнетақы салымының бір бөлігіне автокөлік алуға бола ма?

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды.

Зейнетақы салымының бір бөлігіне автокөлік алуға бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтты дейді LS. Смағұловтың сөзінше, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ өз кезегінде бұл ұсынысты қарастыру үшін оны Ұлттық экономика министрлігіне жолдап жіберіпті.

БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған, немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы жаңа көлік. Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да автокомпаниялар да қолдауы керек, – депті Смағұлов.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес