USD
USD
USD

Зейнет жасындағы қарияларды өлтірген күдікті ұсталды

   Көкшетау қаласында зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды. Полицияның мәліметіне сәйкес, күдікті 3 мамырда Көкшетау қаласында ұсталған.

Зейнет жасындағы қарияларды өлтірген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Тергеу барысында 24 жастағы Щучинск қаласының тумасы 29 сәуір күні түнде Есенберлин көшесіндегі үйдің бірінші қабатындағы пәтерге ұрлыққа түскен. Алайда үй иелері қылмыстың үстінен түсіпті. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау барысында одан заттай дәлелдер табылғанын атап өтті. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.

"ҚР қылмыстық кодексінің  99 бабы 2 тармағы ("Екі және одан көп адамды өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетаудағы пәтерден 78 және 84 жастағы ерлі-зайыптының өлі денесі табылған. Олар жауыздықпен өлтірген.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.