USD
USD
USD

Іздеуде жүрген бұрынғы бас көлік прокурорының туыстары Дубайда қымбат жылжымайтын мүлік сатып алған

«Выход к морю» Telegram-каналының хабарлауынша, Мақсат Дүйсеновтің туған інісі Асхат Дүйсеновке Jumeirah Gate Tower тұрғын үй кешеніндегі пәтер тиесілі.

Мақсат Дүйсенов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Пәтердің құны шамамен 4,7 миллион доллар деп бағаланады. Ал кешеннің жерасты паркингіндегі екі автотұрақ орнымен қоса есептегенде, Асхат Дүйсеновтің Jumeirah Gate Tower-дағы активтері шамамен 2,7 миллиард теңге болуы мүмкін.

«Оның айтарлықтай ірі бизнесі жоқ, есесіне салық берешектері, елордадағы жылжымайтын мүлікке сәтсіз салған инвестициялары және қылмыстық жолы бар. Алайда бұл фактілер ағасының құқық қорғау органдарындағы мансабына еш әсер еткен жоқ», – деп жазады автор.

Ал осы уақытта Алматы қаласы Алмалы аудандық полициясы прокуратураның бастамасымен Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялады. Оның Қайрат Қожамжаровпен байланысы бар екені айтылады.  

Айталық, 2013–2014 жылдары Дүйсенов ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарған. Ол кезде Қожамжаров Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. 2016 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Дүйсенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды, ал Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған. 2017 жылдың желтоқсанында Қожамжаров Бас прокурор болып тағайындалса, 2018 жылдың қаңтарынан бастап Дүйсенов Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары, кейінірек Бас көлік прокуроры қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза