USD
USD
USD

«Терезелері Назарбаевтың бұрынғы резиденциясына қарайды» – Іздеуде жүрген Арғын Нығматулиннің әйелі элиталы тұрғын үйге иелік етеді

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулиннің әйелі құны 1,5 миллиард теңге тұратын таунхаустың иесі.  Бұл мүлік бұрынғы «Алмалы Горная 103 Б» тұтынушылар кооперативінің аумағында орналасқан, оның құрылтайшыларының бірі – Наила Белбаева. 2022 жылы кооператив жабылғанымен, деректер базасындағы ақпарат оның бұл активке әлі де иелік ететінін көрсетеді, деп жазады "Выход к морю" телеграм каналы.

Арғын Нығматулин
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Таунхаус кешені Медеу ауданында, Медеу мұз айдынына баратын жол бойында орналасқан. Барлығы 12 таунхаустан тұратын кешеннің аумағы жабық және жеке күзеті бар.

Арғын Нигматулин мен оның әйелі Наила 103/17, 2-корпуста тұрады. Олардың иелігінде 600 м² тұрғын үй, жеке автотұрағы, шатырда террасасы және шағын бағы бар. Таунхаустың терезелері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы резиденциясына қарайды. Қазіргі таңда бұл мүлік мемлекет меншігіне өткен.

Арғын Нығматулин
Фото: @off_shores

Белбаеваның көршілерінің арасында Нұрлан Нығматулиннің тағы бір ағасы Ерланның жары Бақыт Серікбаева бар. Басқа таунхаустардың иелері де кездейсоқ адамдар емес: олардың арасында бұрынғы шенеуніктердің, банкирлердің және бизнесмендердің әйелдері бар.

Сонымн қатар тағы бір көршісі Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін 15 жылға сотталған. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар