USD
USD
USD

Зарина Дияс Рыбакинадан айласын асыра алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты. 

Зарина Дияс Рыбакинадан айласын асыра алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Е.Рыбакина бастапқы кездесуін отандасы, рейтингте 104-орында тұрған Зарина Дияспен өткізді.

Бірінші партияда Елена брейкпен алға кетті – 4:1. Дегенмен Зарина ізінше қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:4. Тай-брейкте З.Дияс сәттірек ойнады – 7:6 (7:3).

Е.Рыбакина екінші сетті брейкпен бастағанымен, Зарина қайта теңестірді – 2:2. Есеп 5:4 болып, З.Дияс алға шыққанда, Елена медициналық көмекке жүгінді. Зарина матчболды пайдалана алмаса, тай-брейкте Е.Рыбакина басымдылық көрсетті – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияда Қазақстанның бірінші ракеткасы 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1.

Елена 2 сағат 35 минутқа созылған тартысты матчта 9 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зарина эйс жасамай, 2 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 40-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубич немесе рейтингте 74- сатыдағы қытайлық Чжан Шуайдың біреуімен кездеседі.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан жекелей сында Александр Бублик пен Елена Рыбакина қалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.