USD
USD
USD

Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Зарина Дияс Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемнің 88-ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 151-орында тұрған ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездесті. Бірінші партия барысында Зарина өз шеберлігінің басым екендігін таныта білді – 6:3. Қазақстандық теннисші екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры үшінші матчболын сәтті пайдалана алды – 6:1. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда отандасы, әлемнің 31-інші, осы доданың 11-ракеткасы Юлия Путинцева немесе рейтингіде 104-сатыдағы германиялық Андреа Петковичтің біреуімен шеберлік байқасады. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова екінші айналымға шыға алмады. Ол әлемнің 77-ракеткасы, жапониялық Мисаки Доиден 3:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Чарльстон турниріндегі қарсыластары анықталғанын, А.Бубликтің ATP чемпиондық кестесінде үздік ондыққа кіргенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.