USD
USD
USD

Зарина Дияс WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

US Open іріктеу турнирінде бақ сынаған Зарина Дияс Қытайдағы WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. 

Зарина Диас
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирінде сәтсіз өнер көрсеткен Зарина Дияс Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Отандасымыз іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0 аяқталса, екінші партияда 6:2 есебі тіркелді.

Бұған дейін Зарина Дияс кеше Ребека Машаровадан басым түскен еді. WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Зарина Диястың "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінен өте алмағанын жазған едік. 

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

.