USD
USD
USD

Заңсыз жолмен ақша таппақ болғандар сотталды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті, Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінен қаржыны заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру деректерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Заңсыз жолмен ақша таппақ болғандар сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл департамент 63 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банктерден қаражатты заңсыз қолма-қолға ақшаға айналдырудың 2 фактісін анықтаған.

«Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық жасалды делінген жалған шот-фактуралар жасаған», – деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау) кінәлі деп танылды.

Айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жылға дейін айналысуына шектеу қойылды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы