30 Маусым 15:47
...

Заңсыз кеншілер «БАНДАСЫН» қорғаштаған кімдер?

Фото:

Бұған дейін Ақмола облысы Бестөбе ауылының іргесіндегі кен орнының   жағдайы туралы егжей-тегжейлі жазған едік. Себебі, бұл өңірдегі өнеркәсіптің дамуы ел президентінің жеке бақылауында. Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрақты еңбекақы төлеу, елді мекенді абаттандыру, ауылды көркейтуге инвестиция тарту мақсатында қожайындар өндіріске озық технологияларды енгізуге барын салуда.

Алайда, жергілікті тұрғындардың бір шоғыры алтын мен күмісті заңсыз өндіруді тоқтата алатын жаңашылдыққа мейлінше қарсы тұруға тырысады. Неге? Бәлкім, ертеректе мұндай көлеңкелі әрекеттер белгілі бір мәнге ие болған шығар. Өйткені, бір кездері пайдалы қазбалармен заңды иелері ғана емес, қылмыскерлер де байыды. Бірақ бүгінде қоғамдық пікірді манипуляциялау үлкен жауапкершілікке ие. Тіпті, Бестөбе кенішінен кім және қалай «жем» жегенін еске түсірейікші.

...Степногорск қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Тоқмырза ДҮЙСЕМБАЕВ пен оның сыбайластары – Бестөбе және Ақсу полиция бөлімшелерінің бастығы Дархан АЙНАГЕЛДИНОВ пен Сабыржан БИБАТЫРОВ, криминалдық полицияның жедел уәкілі Аслан ҚҰЛЫШЕВ пен бұған дейін сотталған сәләфит Бауыржан МӘДИЕВ Бестөбе және Ақсу елді мекеніндегі кен орнында бағалы металдарды заңсыз өндірген жасырын кеншілерге қолдау білдірген. Бұлар алым-салым бергендерді қамауға алудан үнемі қорғады, ал бұған мойынсұнбағандарды ұзақ уақыт қамаумен қорқытты.

Бір айта кетерлігі, жең ұшынан жалғасқан бұл жүйеге жергілікті тұрғын А.КӘРІМОВ қана қарсы шықты. Бірақ оның қыр соңына түскендер қорқып кеткені сонша, кенші Құлышев пен Бибатыровқа 100 мың теңгеден ақша төлеуге мәжбүр болады.

Статистикалық мәліметтер өңірде заңсыз алтын өндірудің кең ауқымға жеткенін көрсетеді. «Қазақалтын» кеніштерінде 2010-2021 жылдары заңсыз айналымнан 7193 тонна алтыны бар материал алынды. Оның құрамында шамамен 8,9 миллиард теңгенің 590 келі алтын болған. 45 000 заңсыз кенші (оның 18 мыңы қылмысты қайталаған) ұсталып, полицияға тапсырылды.  Одан бөлек құрамында алтыны бар материалды өңдейтін 500 цех жойылса, 1500 жасырын кеншінің шахталардағы заңсыз орналасуы мен заңсыз өту жолдары жойылды.

Ал өзінің сыбайластары мен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған «маңызды» азамат олардың ортасына кіргізілген арнайы қызмет агенті Төлеген БЕКМАҒАМБЕТОВТЕН жүйелі түрде пара алғаны үшін аузы оңбай күйді. Ол әрбір ақша аударымын жасырын камераға мұқият түсіріп алған. Полицияның ұйымдасқан қылмыстық тобы да тура жолдан шығып кеткендей болды. Себебі, тарифтер өсті, жергілікті барлаушылардың барлығы салым бере бастады. Ал бұдан бас тартқандар кейін қатты өкінді...

Қазірдің өзінде сотта істегі айыпталушылар жазадан құтылу мүмкін еместігін көріп, қаржы полициясы мен ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлерін айғақтарды бұрмалады деп айыптады. Содан олар парадан бас тарта бастады, айналып келгенде бұл қылмыстық істі «тапсырыс» деп атады. Бірақ фактілер мұны керісінше көрсетіп, дәлелдеді: қамауға алынған барлық тәртіп сақшылары заңсыз алтын іздеушілерді қорғады, ал олардың заңсыз әрекеті шахта иелеріне өте көп материалдық шығын келтірді.

Ең сорақысы, жергілікті белсенділердің өзі заңсыз кен өндіруді қолдаған. Бірақ олар бұл әрекетін жергілікті тұрғындарға қамқорлық деп көрсетіпті. Яғни, елді мекен тұрғындарының денсаулығы шаңнан әлсіреп кетті деген желеу айтқан. Әділдік үшін айта кетейік, кеңес заманында фабрика ауылдың дәл ортасында тұрып, ондаған жылдар бойы жұмыс істесе де, бірақ ешқандай да шағым болған жоқ. Ал қазіргі жағдайда, шамасы олар шахта иелерінің адалдығы мен адамгершілігін пайдаланып кеткен сияқты. Бестөбе кентіндегі алтын шахтаның екі жылға жуық уақыт амалсыздан тоқтап тұрғанына қарамастан, «Алтыналмас» серіктестігі жұмысшыларына ай сайын 400 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсап отыр.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, инвестор осы уақыт ішінде кеніштен бір тиын да көрместен Бестөбеге 9 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған! Алтын барлаушы қарақшылардың өздері ішке түсетін құбыр өткелдерін жасап, сол арқылы шахтаға түседі. Ал алда-жалда заңсыз өту дерегі анықталған кезде кәсіпорынның күзетшілері құдықты тасқа толтырып, жауып тастайды.

Бүгінде кәсіпорынның жұмыс істемейтіндігіне қарамастан, заңсыз кеншілер жер бетіне люк есіктері арқылы шығаруды талап етуде. Олар ашық құлыптарды, дәнекерлеуді бұзады, люктерді деформациялайды, сайып келгенде техникалық төсемді бұзады, бұл шахта жабдығының бұзылуына әкелетіні сөзсіз.

Бұдан облыс экономикасы да орасан зор шығынға ұшырауда. Жуырда облыс әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ бестөбіліктермен кездесуінде кен орны тоқтап тұрған уақытта бюджетке 2 миллиард теңге салық  түспегенін айтты. Бұл қаражатпен ауылды көркейту үшін талай дүние істеуге болатынын ойлап көріңізші.

Заңсыз кеншілер жиі ұсталып, полицияға тапсырылады. Бірақ құқық қорғау органдарында кейде іс қозғалмайды. Арыз жазыла салысымен полиция бір-екі күн белсенділік танытып, әрекетке көшкендей болады. Алайда, іс тыныш күйде жабылып, қылмыс ашылмай қала береді.

Енді біздің «батырларымызға» оралайық. 2019 жылдың 15 шілдесінде Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ғалым Қайшыбековтің төрағалығымен өткен сот отырысында тергеудің барлық дәлелдері мен сотталушылардың дәлелдері мұқият зерделенді. Үкім қатал болса да, бірақ әділ еді.

43 жастағы полиция подполковнигі Тоқмырза Дүйсембаевтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 31 жастағы Дархан Айнагелдиновтің де мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Мұнымен қоса өмір бойына полиция мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Тура осындай шешім полиция аға лейтенанты Сабыржан Бибатыров пен полиция капитаны Аслан Құлышевке де шықты. Барлық қарулы күш қызметкерлері офицерлік шенінен айырылды. Ең қысқа мерзімге Мәдиев қана ие болды.

Кейбір оқырман «Өткен қылмыстық әрекеттер туралы айтудың қажеті бар ма?» деп сұрауы мүмкін. Әрине, керек. Бұл кейінгі тәртіп сақшылары, заңсыз алтын іздеушілер мен өз елінің кен орнын, дәлірегінде мемлекетін тонауға әрекет еткендер үшін үлкен сабақ. Ел президенті халықтың бұрынғыдан да жақсы өмір сүруіне бар күш-жігерін салуда. Ал сіз бен біз жаңа елде өмір сүргіміз келсе, ұғымдар бойынша емес, заң бойынша өмір сүруіміз керек.

Тегтер: