USD
USD
USD

Заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Түркістан облысы Созақ полицейлері 130 келі заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Созақ аудандық полиция бөлімшесінің ЖПҚ қызметкерлері жергілікті көлдің жағасында заңсыз балық аулаған Ордабасы ауданының екі тұрғынын ұстады.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден айғақты зат ретінде 130 келі балық, қайық, тор және басқа да балық аулау құралдарын тәркіледі. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз ауланған 130 келі балық балабақшаға тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов

Тоғыз ойыншымен қалған «Омонияны» «Қайрат» пенальти сериясында жеңді

Қайрат