USD
USD
USD

ЗАҢСЫЗ активтерді елге қайтару: НӘТИЖЕ қандай?

Мемлекет басшысы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ЗАҢСЫЗ активтерді елге қайтару: НӘТИЖЕ қандай?
Фото: NEGE.kz



Астана, NEGE. Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қатысты.

Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала