USD
USD
USD

Заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді

Атырауда қаруды тіркеу ережесін бұзған 26 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді. 

Заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 7 ақпаннан бері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
 

«Іс-шараны өткізудегі мақсат – атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру. Полиция қызметкерлері аталған іс-шара аясында 1974 қарудың иесін тексерді. Соның нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 70, қаруды тіркеу ережелерін бұзудың 26 дерегіі анықталды. Заңнама талабын бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 486, 484-баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық