USD
USD
USD

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда биылғы тоғыз айда 5,6 млн литр заңсыз алкоголь өнімі анықталған.

Арақ
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есе көп. Мұндай мәліметті қаржы министрі Мәди Такиев премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, тексеру барысында алкогольді заңсыз өндіру, жалған акциздік маркаларды пайдалану және тауардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу кезінде заң бұзу деректері анықталған.

Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері алкоголь саудасына қатысты 9 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген. Соның салдарынан 4,5 мың кәсіпкер лицензиясынан айырылып, жалпы сомасы 932,4 млн теңге айыппұл салынған.

Бұған қоса, Қаржылық мониторинг агенттігі ішімдік жасырын өндірілетін 10 цехты жапқан. 67 мың литр алкоголь өнімі тәркіленіп, 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Жиын қорытындысында Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне алкоголь саудасын, оның ішінде интернет арқылы сату мен жеткізу тәртібін қатаңдатуды тапсырды.

Сондай-ақ ішімдік сату ережелерін жүйелі түрде бұзатын кәсіпкерлерге қолданылатын жазаны күшейту тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Құжаттарды Боқаев әкелді»: сотта бұрынғы кәсіподақ төрайымы жауап берді

бокаев

Жойылудың аз-ақ алдында тұрған: ханзада Уильям Қазақстанның киіктерін мысалға келтірді

Киік

Айсұлтан Сейітовті плагиат жасады деп айыптады: режиссер не дейді?

Айсұлтан Сейітов

Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымына несие беруге тыйым салынды

лицензия