USD
USD
USD

Заңсыз салынған нысандарды жарнамалаған: Krisha және Korter айыппұл арқалады

Алматыда ірі жарнама сайттары – Krisha.kz және Korter.kz операторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға миллиондаған теңге көлемінде айыппұл салынды.

Krisha.k, Korter.kz
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған сайттардың үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты жоқ үлестік құрылыс нысандарын жарнамалауы себеп болған.

«Krisha.kz және Korter.kz интернет-платформаларының операторларына Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң талаптарын бұза отырып, құрылыс нысандарын жарнамалағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы.

Заңнамаға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына азаматтардың қаражатын тартуға, сондай-ақ мұндай нысандарды жарнамалауға тек уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда немесе үлескерлердің құқықтарын қорғаудың заңда көзделген өзге де тетіктері қолданылған кезде ғана жол беріледі.

Нәтижесінде «Колеса» АҚ-ға (Krisha.kz)  4 325 000 теңге (1000 АЕК), «Флетфай-Казахстан» филиалына (Korter.kz) 2 162 500 теңге (500 АЕК) көлемінде айыппұл салынған.

Ведомство өкілдері бастапқы тұрғын үй нарығынан баспана сатып алмас бұрын, құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың және өзге де рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп алуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша