USD
USD
USD

Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан елге экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстан азаматын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Түркия Республикасынан экстрадициялады.

Бас ппокуратура
Фото: Бас ппокуратура

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызметті атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

2024 жылдың қаңтарында іздеудегі азамат Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылғанын атап өтеміз.

Айыпталған іс-әрекеттері үшін қылмыстық заңнама бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.