USD
USD
USD

Заңсыз лотерея қызметі мен интернет-казиноға қарсы күресте 6 639 ресурс бұғатталды

Туризм және спорт министрлігі заңсыз лотерея қызметін анықтау және тосқауыл қою бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. 

заңсыз ойын
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Биыл жыл басынан бері заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға қатысты 103 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот талқылауы нәтижесінде 48 жеке тұлға жауапқа тартылып, қалған істерді қарау жалғасып жатыр.

Заңсыз интернет-казинолармен және букмекерлік кеңселермен күрес аясында түрлі ведомстволар Бас прокуратурамен, Қаржы мониторингі агенттігімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсты анықтады. Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, 1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурста құқық бұзушылық белгілері жоқ, ал 227-сін Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттады.

Туризм және спорт министрлігі азаматтардың құқықтарын қорғауды және онлайн-қызметтер нарығында тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып, аталған саладағы заңсыз қызметтердің мониторингі мен тосқауыл қоюға тырысады.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.