USD
USD
USD

Заңсыз есірткі өндірісі ең қауіпті есірткі қылмыстарының қатарына жатқызылды

Мәжіліс есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Есірткі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өзгерістер мен толықтыруларды депутаттар Президенттің есірткі заттарын өндіруге жауапкершілікті барынша күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатымен ұсынды.

Жаңа нормалар есірткіні «жасау» және «өндіру» ұғымдарын нақты ажыратып, соңғысының негізгі белгілері жасырын есірткі зертханаларына тән «сериялық» болады. Есірткіні заңсыз өндіру өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға әкеп соғатын есірткі қылмыстарының аса қауіпті түрлеріне теңестіріледі. Атап айтқанда, есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу және сату мақсатымен өндіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 297-1-бап ретінде енгізіледі.

Бұл бапқа сәйкес, есірткі өндіру үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер