USD
USD
USD

Заңгер сот шешімін қолдан жасады деген күдікке ілінді

Ол интернет-ресурстан соттың ұқсас шешімін жүктеп алып, оны  тапсырыс берушіге жіберген, деп хабарлайды 

Заңгер сот шешімін қолдан жасады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

@Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанында әйел заңгерлік қызмет керек болған соң интернеттегі хабарландырулар сайтына жүгінген. Өз қызметі үшін ақша алған ер адам оған  құжат жинап жатқанын айтып сендірген.

—   Заңгер желтоқсан айының басында тапсырыс берушілер шарттық міндеттемелердің орындалуын асықтырған соң интернет-ресурстан соттың ұқсас шешімін жүктеп алған. Бұдан кейін редакциялау бағдарламасының көмегімен ол қажетті деректерді, сот деректерін көрсете отырып, сот шешімін өзгерткен және тапсырыс берушіге WhatsApp арқылы сот шешімін цифрлық форматта жіберген,– деп жазылған хабарламада.

Сот шешімінің түпнұсқасын алу үшін сотқа жүгінген қала тұрғыны оған мұндай шешімнің сотпен қабылданбағанын айтқанда таң қалған. Әйел адам көп ойланбастан полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша Павлодар облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық