Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Заңгер Айман Асанованы қатыгездікпен өлтірген бұрынғы күйеуі 10 миллион төлеуге міндеттелді

Ер адам әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 млн. теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қойып, Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотына жүгінді, деп хабарлады Жоғарғы сот. 

Заңгер Айман Асанова
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Жауапкер бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Осындай көптеген жарақаттан әйел ауруханада қайтыс болды. Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн. теңгеге бағалады.

Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті.

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды.

Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн. теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жапаров Ташиевті президенттікке ұсынуды жоспарлағанын айтты

С.Жапаров пен Қ.Тәшиев

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

марганец кені

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Светафор

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы