USD
USD
USD

Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J100 турнирінде топ жарды

Қазақстандық 15-жасар Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.

Заңғар Нұрланұлы
Фото: КТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасындағы үздігі, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Заңғар Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.

«Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова