USD
USD
USD

Заң қабылданды: Қазақстан халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алады

Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялаутуралы заң жобасы қаралды.

Заң қабылданды: Қазақстан халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуына қарағанда, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

«Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», - деді Ерұлан Жамаубав.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі