USD
USD
USD

Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы: Біреулер түрмеден хабарласып қорқытты

Алматы облысы, Ұйғыр ауданынының тұрғыны Әсел Қалабаева халықтан көмек сұрап, мұңын айтқан еді.

Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы: Біреулер түрмеден хабарласып қорқытты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заманбек Нұрқаділовтің қарындасымын деген кейуана баспаналы болды. Рая Қалабаева мен қызы Әсел Қалабаева халықтың ақшасына бір бөлмелі үй алды. Алайда Рая Қалабаеваның қызы өзін әлдекімдердің қорқытып жүргенін жеткізді.

Халықтан түскен 10 миллион теңгеге анасы мен қызы 1 бөлмелі пәтер алды. Халыққа алғысын айтып, қуанышымен бөлісті. 

"Мен ең әуелі Аллаға, одан соң халқыма алғысымды айтамын. Қазақ халқының ең мейірімді, ең қайырымды халық екеніне көзім жетті. Бір күн ішінде 7,5 миллион теңге түсті. Бүгінгі күнге дейін 10 миллион теңгеге дейін жиналды. Ауданымыздың жігіттері біршама ақша қосты. Осылайша баспана алдық", - деді Әсел Қалабаева.

Баспаналы болған ана мен қызының тағы бір уайымы бар. Осы уақыт аралығында өзін қорқытып, түрмеден хабарласып, ауыр сөздер айтқандар болды дейді ол. 

"Маған қоқан лоқы көрсетті. Түрмеден хабарласып, қысым жасады. Тек телефон арқылы қорқытты. Мен қорқып, телефон қоңырауларына жауап бермедім. Бауырлар арасында адам өлімі болмасын, мен оның бауырымын деп біреулер хабарласты", - деді Қалабаева.

Айта кетейік, Әсел Қалабаева көпшілік алдына шыққаннан бастап, оларды даттаушылар пайда болды. Баспана алу үшін марқұм Нұрқаділовтің атын пайдаланды деп айыптады. Ал Мақпал Жүнісова Зәкеңнің ондай қарындасы жоқ деп қайырды. Әсел Қалабаева өзіне айып таққандарға жауап берді. 

"Мен өтірік айтқан жоқпын. Мен анамнан естігенімді айттым. Анамның құжатында аты-жөні көрсетілген. Анам да өтірік айтпайды. Мен Алланың алдында адалмын. Заманбек атаның атын пайдаланайын деген ойым болған жоқ. Артық сөз айтсам, кешірім сұраймын. Барша көмек қолын созған жандарға алғысымды айтамын", - деді Әсел. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза